HP LaserJet 4345 Multifunction Printer series - MFP микробағдарламасын жаңарту және драйверді жүктеу

background image

MFP микробағдарламасын жаңарту және драйверді жүктеу

1.

Ағымдағы енгізілген бағдарламалық құрал нұсқасын анықтау үшін MFP басқару

тақтасындағы теңшелім ақпаратын қараңыз.

а.

Басты экранда

Басқару

түймесіне жылжып, оны түртіңіз.

ә.

Мына мәзірлерді ашыңыз:

Есептер

Теңшелім/күй беттері

б.

Теңшелім беті

параметрін таңдап,

Басып шығару

түймесін басыңыз.

в.

Енгізілген бағдарламалық құралдың күн коды «Құрылғы туралы ақпарат» бөлімінде

берілген.

ЕСКЕРІМ:

Енгізілген бағдарламалық құралдың күн коды келесі пішімде: ЖЖЖЖААКК

XX.XXX.X. Сандардың бірінші жолы күнді білдіреді. Оның ішінде, ЖЖЖЖ жылды, АА айды,

ал КК күнді білдіреді. Мысалы, 20040225 деп басталатын енгізілген бағдарламалық

құралдың күн коды 2004 жылдың 25 ақпанын білдіреді. Сандардың екінші жолы енгізілген

бағдарламалық құралдың нұсқа нөмірін білдіреді.

2.

Ең соңғы енгізілген бағдарламалық құралды жүктеңіз.

а.

Өніміңіз үшін веб-торапқа өтіңіз:

4

Бап 1 Реттеу

KKWW

background image

http://www.hp.com/go/lj500mfpm525_firmware

http://www.hp.com/go/lj500colormfpm575_firmware

www.hp.com/go/ljm4555mfp_firmware

www.hp.com/go/cljcm4540mfp_firmware

www.hp.com/go/cljcm3530mfp_firmware

www.hp.com/go/ljMFPM725_firmware

ә.

Амалдық жүйені таңдау тақтасында Айқас амалдық жүйе (BIOS, Енгізілген

бағдарламалық құрал, Диагностика, т.б.) түймесін басыңыз.

б.

Енгізілген бағдарламалық құрал кестесінде берілген күн MFP теңшелім бетінде басып

шығарылған күн кодынан жаңалау болса, тиісті файл жанындағы Жүктеу түймесін

басыңыз.

ЕСКЕРІМ:

Түрлі амалдық жүйелер үшін түрлі енгізілген бағдарламалық құрал

файлдары қол жетімді.

в.

Ашылған Файлды жүктеу тілқатысу терезесінде Сақтау түймесін басыңыз.

г.

Ашылған Басқаша сақтау терезесіндегі Файл атауы мәтін ұясында компьютердегі

енгізілген бағдарламалық құралдың жаңарту файлы сақталатын орынды теріңіз.

ғ.

Сақтау түймесін басыңыз.

д.

Файл жүктелгеннен кейін, қажет болса Файлды жүктеу тілқатысу терезесін жабыңыз.

3.

MFP құралымен келетін ықшам диск немесе факс жабдығы қол жетімді болмаса, MFP Send

Fax драйверін жүктеңіз.

а.

Амалдық жүйені таңдау тақтасына оралу үшін Артқа түймесін басыңыз.

ЕСКЕРІМ:

Артқа түймесін басқанда Амалдық жүйені таңдау тақтасына оралмасаңыз,

оған өту туралы нұсқаулар алу үшін 2-қадамды қараңыз.

ә.

Амалдық жүйені таңдау тақтасына тиісті амалдық жүйені нұқыңыз.

ЕСКЕРІМ:

MFP Send Fax драйверіне Windows XP, Windows XP Professional x64,

Windows Vista, Windows 7 32 биттік нұсқасында және Windows 7 64 биттік

нұсқасында қолдау көрсетілмейді.

б.

Пайда болатын драйвер кестесінде HP MFP Send Fax драйверінің жанындағы Жүктеу

түймесін басыңыз.

в.

Ашылған Файлды жүктеу тілқатысу терезесінде Сақтау түймесін басыңыз.

г.

Ашылған Басқаша сақтау терезесіндегі Файл атауы мәтін ұясында компьютердегі MFP

Send Fax драйверінің файлы сақталатын орынды теріңіз.

KKWW

MFP факс жіберу драйверін орнату

5

background image

ғ.

Сақтау түймесін басыңыз.

д.

Файл жүктелгеннен кейін, қажет болса Файлды жүктеу тілқатысу терезесін жабыңыз.

4.

Жүктелген енгізілген бағдарламалық құрал файлын орнатыңыз. Қашықтағы енгізілген

бағдарламалық құрал жаңартуын (RFU) орнату туралы нұсқауларды MFP пайдаланушы

нұсқаулығынан қараңыз.